Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің түлектері арасында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының Грантына арналған жыл сайынғы облыстық педагогикалық олимпиада

Олимпиада әр пән бойынша физика, математика, биология, химия, тарих, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі жеке өткізіледі.

Олимпиада 3 кезеңнен өтеді:

І кезең 11-.15.02.2019ж. – дистанционды, іріктеу, «Неге мен педагог кәсібін таңдаймын?» тақырыбында эссе даярлау (skgu.foundation@mail.ru)

ІІ кезең 27.02.2019ж. – университет базасында шығармашылық тапсырмаларды орындау

ІІІ кезең – марапаттау және сертификаттар тапсыру

Пәндер бойынша І орын алған Олимпиада жеңімпаздары университет ректорының Грантын беру туралы куәлікпен марапатталады.

Пәндер олимпиадасының жеңімпаздарына университетте «Мектепке дейінгі білім мен тәрбие», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістері», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Химия-Биология», «Математика-Физика», «Математика-Информатика», «Физика-Информатика», «География-Тарих» барлық білім алу кезеңінде ІІ орын - 40%, ІІІ орын – 20% жеңілдіктер белгіленеді.

Ереже

06.02.2019
ДИО ОПиИК