Жасыл Ел

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында алғаш рет демалыс кезінде студенттерге тұрғын үй салу бойынша құрылыс отрядтарында жұмыс ұсыну, елді көгалдандыру «Жасыл ел» бағдарламасын өрістету және студенттерді осы игі істерге тарту мәселесін атап өтті. Осы бастаманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 Қаулысымен «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді және кеңінен өрістетілді.

Жасыл Ел облыстық штабының өкілдері М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Агротехнологиялық факультетінің «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» және «Агрономия» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттерімен кездесті. Кездесуде жасақтар жұмысының негізгі бағыттары, өткен маусымның қорытындысы шығарылып, Жасыл Ел отрядтарына студенттердің қатысуының жаңа шарттары туралы түсініктеме берілді. Кездесуге қатысушыларға Жасыл Ел белгісі бар футболкалар ұсынылды.

08.02.2019