31.01.2019ж. "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасында академиялық ұтқырлық бойынша дөңгелек үстел өтті, онда 5В080100 "Агрономия" мамандығының 4 курс студенттері бірінші және екінші курс студенттеріне академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы айтып берді. "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының аға оқытушысы Пучкова Светлана Юрьевна құттықтау сөз сөйледі. 4 курс студенттері Солтүстік Орал өңірінің Тюмень аграрлық университетінде, Латвия ауыл шаруашылығы академиясында, Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінде (Қытай), жарты жылдық "ЛОГО" практикасында (Германия) бір семестр оқу туралы,сондай-ақ "Евразия Групп Казақстан" ЖШС өткізген "Қазақстан Республикасындағы Джон Дир ең үздік техника" тақырыбында 3 және 4 курс студенттерінің жыл сайынғы байқауында жеңіске жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі. Бірінші және екінші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.