11-21 ақпан аралығында "Биотехнология" мамандығының 2 курс магистранттары Дюсембекова К. Б, Байсеит Г. А. ҚазҰАУ, Алматы қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама магистранттардың халықаралық қысқы мектебі - 2019 аясында өтті. Мектептің мақсаты-жаңа білім, тәжірибелік дағдыларды алу, инновациялық технологияларды және жаңа ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемелерін меңгеру.
Қысқы мектептің ауқымды бағдарламасында магистранттарға және жас ғалымдарға білім деңгейін арттыру және тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік туды.
Қысқы мектеп жұмысына әлемнің 10 елінен және Қазақстанның 14 аймақтық жоғары оқу орындарынан 300 тыңдаушы қатысты. Қысқы мектеп оқытушыларының интернационалдық командасы ең жоғары деңгейдегі кәсіпқойлармен – жетекші отандық және шетелдік ғалымдармен, салалық ҒЗИ және өндіріс өкілдерімен таныстырылды.