«Мемлекеттің қаржы жүйесін дамытудағы цифрландырудың рөлі» атты Халықаралық ЖОО аралық ғылыми-тәжірибелік бейнеконференциясы

2019 жылдың 12 наурызында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 2 корпусының мәжіліс залында «Мемлекеттің қаржы жүйесін дамытудағы цифрландырудың рөлі» атты халықаралық ЖОО аралық ғылыми-тәжірибелік бейнеконференциясында жас ғалымдар мен студенттердің кездесуі өтті.  Конференция Орал мемлекеттік экономикалық университетінің қаржы менеджменті кафедрасының және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, экономика және құқық факультетінің  «Қаржы және менеджмент» кафедрасымен  бірлесіп, және Ташкент қаржы институтының «Бизнес және кәсіпкерлік» кафедрасы қолдауымен өткізілді.

Қатысушыларға ОМЭУ қаржы менеджменті кафедрасының меңгерушісі Закирова Элина Рафиковна, М.Қозыбаева атындағы  СҚМУ-дың «Қаржы және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Фоот Юлия Валерьевна және Ташкент қаржы институтының «Бизнес және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі Эргашев Эркин Иракович құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның модераторлары жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы аясындағы іс-шараның ұлесін, сондай-ақ кездесудің маңыздылығын және конференция тақырыбының өзектілігін атап өтті, инновациялық технологияларды пайдалану, әсіресе қаржы секторында қызмет көрсету процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Себебі сандық өнімдер мен шешімдер клиенттердің қаржылық қызметтерді тез және ыңғайлы түрде алу қажеттілігіне бағытталғандықтан, олар қол жетімді және қарапайым болып табылады.

Конференция соңында сарапшылардың пікірі бойынша, цифрландырудың ел экономикасында жаңа және қолданыстағы бизнес-модельдердің пайда болуына әсерін тигізетіндігі, қаржылық және мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерісін автоматтандыру үшін мемлекеттік органдармен қаржы ұйымдарының электронды өзара іс-қимылына көшу әсері сияқты маңызды мәселелерді шешуде, клиенттерді қашықтан сәйкестендіру механизмі және жедел төлемдер үшін инфрақұрылымды құру және басқа да инфрақұрылымдық шаралар, оның ішінде келешекте  электрондық қаржы қызметтерінің ашық  экожүйесін құруға бағытталған мәселелер талқыланды.

Бейне конференцияға жас ғылыми-зерттеушілер, магистранттар және студенттер тартылып, олар қызықты мақалалар жасады.

14.03.2019