Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
Цицерон
Фотокөрменің ашылуы
8 сәуір күні Агротехнологиялық факультетте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кіші Отан: бүгінгі мен ертеңі» - «Малая Родина: сегодня и завтра» атты фотокөрме ашылды. Көрмеде Қазақстанның түрлі бұрыштарының сұлулығы бейнеленген 30-дан астам фото жұмыс ұсынылды. Сонымен қатар, біздің факультетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Якутиядан келген студенттерден фотожұмыстар да бар. Көрменің ашылуында авторлар өздерінің кіші отанының көрікті жерлері туралы қысқаша айтып берді.
#СҚМУЖАСТАРЖЫЛЫ
08.04.2019
