Startup Bolashak «Менің Арманым» байқауы

ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Startup Bolashak «Менің Арманым» байқауының 4 маусымын іске қосты. «Менің Арманым» байқауын өткізудің басты мақсаты 16-29 жас аралығындағы белсенді және дарынды жастарды тарту, өмір сапасының стандарттарын жетілдіруге бағытталған жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларын қолдау, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне озық білім мен технологияларды трансфер арқылы жеткізу болып табылады.

Жобаға қатысу үшін 19 жоғары оқу орындары арасынан М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті іріктелді. Байқаудың өткізілу мерзімі 2019 жылдың 19-21 сәуіріне белгіленді.

Қатысушылардың өтінімдері www.meninarmanym.kz сайтта онлайн қабылданады.

Байқаудың өту орны: №1 корпустың фойесі

Мақсатты аудитория: 16-29 жас аралығындағы жаңадан бастаған кәсіпкерлер

Іске асыру кезеңі: 2019 жылғы сәуір - қараша

Қосымша

15.04.2019
ДИО ОПиИК