Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
"Жаңартылған білім беру бағдарламасының аясында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері" атты облыстық оқу-әдістемелік семинар
2019 жылдың 18 сәуірі күні "Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты" КММ бірлесе отырып, сол мектеп базасында кафедрамыздың оқытушысы Синбаева Г.К. ұйымдастыруымен облыстық жаңартылған білім мазмұны негізінде оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға аудан және қала мектептерінен тәжірибелі ұстаздар, университеттен оқытушылар мен студенттер қатысты. Семинарда гиназия мұғалімі Ж.Ж.Ж.Абилова 8 сыныппен ашық сабақ өткізді және Қызылжар ауданы "Парасат мектеп-лицейі" КММ мұғалімі Құлатаева А.Ж. , гимназия ұстаздары Қаржауова Ж.С., Исахметова Р.Т. және Қалкенов Ж. шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар соңында қатысушылар мен келген қонақтарға Алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.
