Хабарландыру!

Құрметті студенттер мен магистранттар!

Барлықтардың назарыңа, Ямал-Ненец автономдық округтың Арктиканы тазарту бойынша экологиялық жобасы жалғасуда.

         2012-2016 жылдың аралығында Карск теңізінің акваториясына жататын Ақ аралы, Вилькицкий аралдағы жинақталған залалды жою үшін үшінші маусым қатарынан тазарту жұмыстару жүргізуде. Жобаның іске асыруынан бері экспедицияға 200-ден астам адам қатысты. Солардың ішінде біздің университетіміздің География мамандығының студенттері Сапа Қасымхан мен Сапарбай Дүйсебек ат салысты.

2019 жылда экспедиция 2 кезеңнен өтеді. Бірінші кезең жаттығу лагерінен басталады, олар 2019 жылдың 11-14 шілде күндері Ямал-Ненец автономдық округтың шатырлы лагерден құралған полярлық Оралдың тауларында өтеді. Дайындықтан кейін жігіттер аралға 2019 жылдың шілденің 15-нен тамыздың 15-не дейін тазарту жұмыстарын өткізеді.

Осы жылы экспедицияға қатысу үшін біздің елімізге, яғни университетімізге 2 орын беріледі. Арктиканы тазарту үшін барлық еріктілерді, 20 мен 30 жас аралығындағы жас әрі мықты жігіттерді шақырамыз. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті дайындап, нәтижесі 17 мамыр күні «Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік пленарлық отырысында жарияланады.

Байқау және іріктеу ережелері туралы толық ақпаратты математика және жаратылыстану факультетінің деканатынан (114б/2), сонымен қатар 10-37 телефоны арқылы білуге болады.

23.04.2019