Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да АРТА комиссиясы өз жұмысын аяқтады
2019 жылдың 4 мамыр күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сараптау комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Комиссия құрамы 14 сарапшыдан тұрды. Бұл күні сарапшылар аккредиттелетін бағдарламалар бойынша практика базаларын аралады. Тексеру нәтижелерін түйіндеді.
Қорытынды кездесуде комиссия мүшелері ЖОО басшылығымен, факультет декандарымен, МЖМ, ТжӘИ директорларымен біздің университеттегі үш күндік жұмысты тұжырымдады. Агенттіктің мамандары білім беру саласында мол білімі мен тәжірибесі бар.
Естеріңізге сала кетсек, АРТА сараптау комиссиясы 8 жылдан бері білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін жетілдірумен айналысады. Осы мерзім ішінде он шақты оқу орны институционалдық аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сараптау комиссиясы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 5 жыл бұрын болған. Олардың бүгінгі міндеті тек сапалы білім беру бағдарламарын тексеру ғана емес, сонымен қатар бес жыл ішінде болған өзгерістерді қадағалау.
Тексеру қорытындысы бойынша соңғы шешім қабылданатын Аккредиттеу кеңесінің отырысы мамыр айының соңында өтеді.
