М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да аудандық мектеп түлектеріне арналған ашық есік күні өтті

Мамырдың 4-ші жұлдызында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да кезекті ашық есік күні өтті. Биылғы жылы аталмыш жиын осымен бесінші рет өтуде. Ал бұл жолы қызықты шара СҚО-ның Қызылжар, Есіл, Мамлют және Аққайың аудандарының талапкерлеріне арналып ұйымдастырылды. Шараға барлығы 400-ге жуық адам қатысты.

Университетімізбен жақынырақ танысу үшін келген мектеп оқушыларына арналған іс-шара  қызықты ойын-сауықтық бағдарламадан басталды.  Өткізіліп жатқан  бұл  кездесудің  мақсаты – болашақ студенттерге мамандықты таңдауға көмектесіп, университет туралы толығырақ ақпарат беру болып отыр. Дәстүрге айналған  жиында талапкерлер үшін көптеген хэштегтермен суретке түсуге арналған фотозона ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жиын барысында  әр факультет өз бөлімшелері туралы таныстырылымдар мен көрмелер өткізді. Онда факультет декандары мен оқытушылар мамандықтар туралы, білім алу үрдісі, студенттік өмір және басқа да көптеген сұрақтарды талқылады. Сонымен қоса, кездесу барысында  талапкер өздері таңдаған ЖОО мен мамандықты жазып, сауалнамалар толтырды.

Білім ордамыздың өнерпаздары түлектердің көңіл күйлерін барыншы көтерді. Олар үшін қызықты ойындар мен викториналарда әзірледі. Оқушылар да өз тарапынан белсенділік танытып,би билеп, өнерлерін ортаға салды. Шараның соңында әлеуметтік желісіне #меніңтаңдауымСҚМУ, #хочувскгу хэштегтерімен суреттерін жүктеген оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, биылғы жылы ашық есік күні шарасының форматы өзгерген екен. Университетіміз болашақ студенттерге ЖОО бойынша экскурсия жасап, тек білім алу жағымен ғана қамтымай, студенттік өмірдің қызықты жақтарын да көрсетуді көздейді.

08.05.2019