СҚМУ оқытушылары Ташкент қаласында өткен "Қазақстандық білім беру күндері" атты халықаралық білім көрмесіне қатысты

2019 жылдың мамырдың 10-11 аралығында Ташкент қаласында "Қазақстандық білім беру күндері" атты халықаралық білім көрмесі өтті. Шара барысында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары Алмагүл Авдолхан мен Әсел Бектемірова біздің университетке шетел азаматтары мен ұлты қазақ азаматтарды тарту бойынша кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, шараның өткізілу кезеңінде оқу ордамызда білім алуға ниет білдірушілер қатары қалың болды.

ЖОО таңдауын талапкерлер тамыз айының соңында жасауды жоспарлап отыр. Себебі олар маусым айының соңында аттестаттар мен дипломдарын қолға алмақ. Сондай-ақ, 11 мамыр күні оқытушылар Өзбекстанның Бостандық ауданындағы қазақ мектебіне барып, 11-ші сынып оқушылар үшін кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

Университетті таңдау нәтижелері тек тамыз айының соңында белгілі болады. Талапкерлердің көбі мектепті бітіргеннен кейін ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлап отыр. Бұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, түлектер Foundation дайындық курсында білім алмақ. Айта кету керек, келесі халықаралық білім көрмесі Самарқан қаласында өтеді.

13.05.2019