Достық пен ынтымақтастыққа бір жыл

2019 жылдың 14-ші мамырда ҚХА кафедрасында "Зауралье халықтары Ассамблеясының күні" ақпараттық - гуманитарлық акциясы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері мен оқытушылары Ресей Федерациясы Қорған облысының өкілдерімен кездесті. Бұл қоғамдық ұйым РФ халықтарының жалпы ресейлік ассамблеясының филиалы болып табылады. Оның делегациясы Солтүстік Қазақстан облысына мәдени алмасу, көркем көрмелер, жастармен, облыстық ҚХА және т. б. мүшелерімен кездесулер өткізуге келіпті. 

ЖОО қабырғаларында қонақтарды ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная қарсы алды. Жиынға қатысушыларға университеттің бұл құрылымдық бөлімшесінің мерейтойына арналған фильм көрсетілді. Кейін Людмила Александровна білім ордадағы кафедраның ұлтаралық келісімді нығайту, өңірдің этномәдени дамуын ынталандыру, оқу және тәрбие үрдістерін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмысы туралы әңгімеледі.  Бұл тәжірибе ресейлік әріптестеріне қызықты болды, себебі РФ оқу орындарында ҚХА кафедралары сияқты жұмыс тәжірибиелері жоқ.

Кейін Қорған педагогикалық колледжінің ұлттық музыкалық аспаптар мұражайының жетекшісі Юрий Куньшин сөз сөйледі. Ол ақпараттық – түсіндіру бойынша  іс-шаралар туралы айтты.

"Қорған облысында 12 мың қазақ тұрады, барлық 18 аудандағы бөлімшелермен диаспораның ұлттық-мәдени автономиясы да құрылған, - деп оның төрағасы Қайрат Оралов бөлісе кетті. Біздің ұйымның жастар қанаты да кеңінен ұсынылған. Біз СҚО-мен мәдени, білім беру, спорт бағыттарында тығыз қарым-қатынас жасаймыз. Әрі қарай да ынтымақтастықты жалғастырамыз", - деді.

Кездесу барысында қатысушылар өзара ой-пікірлерімен бөлісті, ал жиын соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.

15.05.2019