Университетке Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сараптау комиссиясы келеді

2019 жылғы 20-22 мамыр аралығында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ЖОО-да мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізу мақсатында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сараптау комиссиясы келеді. Бағдарламалық аккредиттеуге 16 білім беру бағдарламасы қатысады:

  • 5B060800 Экология
  • 5B060900 География
  • 5В011600 География
  • 5В011200 Химия
  • 5В071200 Машина жасау
  • 5В073200 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • 5В010300 Педагогика және психология
  • 5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • 5В011400 Тарих
  • 6М020300 Тарих
  • 6M060800 Экология
  • 6M060900 География
  • 6М071200 Машина жасау
  • 6М073200 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • 6М071600 Приборлар жасау
  • 6М010300 Педагогика және психология
 

Сапар барысында комиссия ЖОО басшылығымен, білім беру бағдарламаларын басқару өкілдерімен, ПОҚ, ғылыми-зерттеу жұмысымен, қаржы, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстармен, тәрбие үдерісімен, студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдерімен, жұмыс берушілермен, сондай-ақ оқытушылармен, студенттермен, магистранттармен және ЖОО түлектерімен кездеседі.

Қорытынды жиналыста комиссия төрағасы жоғары оқу орнының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді.

Тексеру қорытындысы бойынша соңғы шешім қабылданатын Аккредиттеу кеңесінің отырысы маусым айында өтеді.

15.05.2019