Ғылыми кеңес отырысында университетіміздің бірқатар оқытушылар мен студенттері марапатталды

2019 жылдың 30 мамыр күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылыми кеңесінің отырысында университет ректоры Серік Өмірбаев бірқатар оқытушылар мен студенттерді марапаттады.

Қазақстан Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент - мүшелерінің қатарына енген біздің ұстаздарымыз дипломдар мен куәліктерді алды. Олар: АФ"Азық-түлік қауіпсіздігі" кафедрасының меңгерушісі, а.ғ.к. Кульбарам Баязитова және МЖҒФ "Математика және информатика" кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Ирина Шмигирилова. 24 мамыр күні ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың "ҚР жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары" атты конференциясын өткізу барысында ДББҰ-ның корреспондент-мүшелері мен нақты мүшелерін (академиктерін) сайлау бойынша байқаудың қорытындысы шығарылды. Ізденісте үміткерлердің ғылыми еңбектері, жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі, ғылыми журналдардағы басылымдар, өз зерттеулерін жүзеге асыру бойынша гранттық жобаларға қатысу және т.б. мәселелер ескерілді.

Сондай-ақ, университет ректоры Серік Өмірбаев философия докторы (PhD) Павел Петровқа диплом және "Ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесі" ҚБ атынан құрметті ардагер а/ш.ғ.к "Азық-түлік қауіпсіздігі" кафедрасының доценті Ақан Жүнісовке  куәлік табыс етті.

"География" мамандығының 2 курс студенті Юлия Свистунова Бірінші Президент–Елбасы Қорының жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша "Болашақ ғалымдары" атты студенттердің үздік жұмысына арналған республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. Оның жоба жетекшісі, МЖҒФ деканы Сергей Пашковқа Қор жанындағы Ғылым Кеңесінің Төрағасы атынан алғыс хат жолданды.

31.05.2019