М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдерімен кездесті

2019 жылдың мамырдың 31 күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдерімен кездесті. Жиынның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Президентігі кандитурасына ұсынылған Кемелұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаянымен және сайлауалды бағдарламалық тұғырнамасымен таныстыру болып табылады.

Кездесудің модераторы ретінде- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бірінші проректоры Ербол Исақаев,  ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Ақмарал Ыбыраева,  «Nur Otan» партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зель болды.

Онда Тоқаевтың сенімді өкілдері үміткердің өмір дерегі мен қызметтік өсу жолы жайында әңгімеледі. «Сатылап көтерілген әрбір дәрежесінде ол адами қасиетін, парасатын жоғалтқан жоқ»,- дейді олар. Кездесу барысында қатысушылар да кандидат туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Және «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталатын сайлауалды тұғырнамасы төңірегінде сөз қозғалды. Аталмыш құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігіжөніндегі мәліметтер көрініс тапқан. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ  экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер де толық қамтылған. Сондай-ақ, басқосуда қоғамдық штаб өкілдері жиналғандарды 9 маусым күні өтетін сайлауға бір кісідей атсалысып, өз таңдауларын жасауға  шақырды.

31.05.2019