М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қызметкерлері мен студенттері «Мен патриотпын» акциясына қатысты

4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді.

Осы айтулы датаға орай 2019 жылдың маусымның 4-і Петропавл қаласында «Мен патриотпын» жаппай жүгіру акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары, қызметкерлері және студенттері белсенді қатысты. Жиналғандармен бірге олар викториналардағы сұрақтарға жауап беріп, дене шынықтыру жаттығуларын орындады. Акция бағдарламасы бойынша барлық ат салысушылар "Президенттік миля" яғни 2400 метр қашықтықты бағындырды.

Кейін жиылғандар үшін флешмоб, өңірдің танымал спортшылары мен әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараның соңында жаппай жүгіру акциясына қатысуға ниет білдіргендерге сертификаттар мен дипломдар табысталды. Сондай-ақ, мереке барысында әлеуметтік желілерде #менпатриотпын және #япатриот хэштегтері бойынша фотобайқау жарияланды. Нәтижесінде Агротехнологиялық факультет деканының орынбасары Инна Джемалединова конкурстың жеңімпазы атанды. Игі жеңісі үшін ұйымдастырушылар оған фитнес-клубқа баруға абонемент сыйлады.

Акцияда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары мен студенттері сергектік және жағымды сезімдерге ие болды. Олар осындай іс-шаралар тек денсаулықты ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты нығайтады деген ойда.

04.06.2019