ТМД Желілік университеті аясында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ынтымақтастығы

2019 жылдың 11 маусымда Ресей халықтар достығы университетінде (Мәскеу қ., РФ) ТМД Желілік университетінің Үйлестіру кеңесінің Х мерейтойлық отырысы өтті. Оның жұмысына М. Қозыбаев атындағы СҚМУ бірінші проректоры Ербол Исақаев қатысты.

Бұл жобаның мақсаты: жоғары білімнің сапасы мен тартымдылығын арттыру, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің аумағында ынтымақтастық пен жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайту болып табылады. Қазіргі уақытта оған Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Қырғызстан елдерінің 35 университеті кіреді.

Бір жыл бұрын оқу орда ректоры Серік Өмірбаевтың бастамасымен және тікелей қатысуымен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ТМД Желілік университетінің толық құқылы мүшесіне айналды. Бұл бағыттағы үлкен еңбекті стратегия және интернационалдандыру Департаментінің директоры Марина Погребицкая және Айдос Мұхатаев, ҚР БҒМ Болон процессі орталығы және академиялық ұтқырлық орталығы басшысының орынбасары атқарды.

Нәтижесінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ және  Тұңғыш Президент Б. Ельцин атындағы УрФУ-мен екі келісімге қол қойылды. "Биотехнология" және "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, осы бағдарлама аясында 6 магистрант Екатеринбург қаласында 2 семестр көлемінде білім алады.

Ағымдағы жылы университетіміз ТМД ЖУ жұмысы шеңберінде Кубан мемлекеттік технологиялық университетімен (Краснодар қ.) "Электр энергетикасы" және "Машина жасау" магистрлерді дайындау бағдарламалары бойынша келісімге қол қойды.

12.06.2019