Биылғы жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Петропавл қаласы мен жақын маңдағы аудандардың түлектері 3 лек бойынша 24, 26 және 29 маусым күні ҰБТ тапсырды. Тест тапсырушылардың саны барлығы 1231 адамды құрайды. Орташа балл өткен жылмен салыстырғанда жоғары, яғни 81баллға тең. Ал ең жоғары балл -134 (140 мүмкін болған жағдайда). Университетте ҰБТ - дан кейін апелляция жүргізілді. Сегіз өтініштің ішіндегі екеуі техникалық себептер бойынша сұрақтар жинағын қалыптастыру кезінде қатені дәлелдеген жағдайда ғана қанағаттандырылды. Нәтижесінде, тест тапсырушыға 2 балл қосылды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің бақылаушылары мен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ өкілдері ҰБТ өткізу барысында ешқандай құқық бұзушылықтарды анықтаған жоқ.
Осы емтиханның қорытындысы бойынша түлектер грантқа түсу мүмкіндігіне ие болды. 65 - медициналық мамандықтар үшін, 60 - педагогикалық мамандықтар үшін және 45 – қалған мамандықтар үшін өту ұпайларын ала алмағандар бюджеттік оқыту түріне үміткер бола алмайды.
"Дизайн", "Журналистика", "Музыкалық білім", "Мәдени - тынығу жұмысы", "Бастапқы әскери дайындық" немесе "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлер дәл қазір жоғары оқу орнында 8-13 шілде аралығында өтетін шығармашылық емтихандарға құжаттар тапсыра алады. Осы мерзімде медициналық бағыт бойынша оқуға ниет білдірушілер үшін психометрикалық тестілеу жүргізілетін болады.