М. Қозыбаев атындағы СҚМУ интерндеріне дипломдар табысталды

2019 жылдың 19 шілде күні  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихында алғаш рет интерндерге диплом табыстау рәсімі өтті. Жоғары медицина мектебінде 10 студент оқуды тәмәмдады. Нұрсұлтан қаласында білім алушылар міндетті тәуелсіз емтиханнан 2 кезеңін тапсырды: тестілеу және практикалық дағдыларды растау.  Жыл бойы олар облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, 3 емхана, онкодиспансер және т.б. мекемелерде клиникалық практика базасында оқытудан өтті.

Олардың барлығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарына сәйкес электрондық жүйедегі enbek.kz бойынша біздің өңірде жұмыс жасайды.  Қазіргі уақытта СҚО-да медициналық мамандардың тапшылығы шамамен 300 адамды құрайды.

Біздің түлектеріміз көбіне терапевт және балалар дәрігері болып еңбек етпек. Ал екі жас маман өз оқуын жалғастыруды шешіп, резидентураға құжаттар тапсырыпты. Қазір ЖММ - да 109 студент білім алуда, оның ішіндегі 82-сі Үндістан, Ресей, Түркіменстан, Моңғолия және т.б өзге мемлекеттердің азаматтары. Қалған 6 студент интернатурада оқиды.

19.07.2019