Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті

2019 жылдың 19 шілде күні университетте Қытайдың Янлинг қаласының Солтүстік- Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің делегациясының қатысуымен Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Жиынның мақсаты: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Агротехнопаркінің ғылыми жұмысы мен бірлескен зерттеулердің нәтижелерін талқылау, тәжірибе алмасу.

Айта кету керек, халықаралық семинарға Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (ҚХР) профессорлары Zhang Zhengmao, Hu Yingang, Guo Dongwei, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының қызметкерлері мен студенттері, отандық және шетелдік селекцияның дала дақылдарын экологиялық сорттық сынау бойынша жұмысқа қатысатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің және Петропавл қаласының Оқушылар сарайының өкілдері ат салысты.

Жібек жолының экономикалық белдеуін құру жөніндегі жобамен тұрақты Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарлама ұштасқан. Осыған байланысты, 2017 жылдың шілде айында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ауыл шаруашылық білім беру және Жібек жолының ғылыми инновациялары Альянсының құрамына кірген болатын. Альянс жұмысы аясында біздің университет Янлин қаласының (Қытай) Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті, Шэньси провинциясымен ынтымақтастық қарым-қатынаста.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Агробиологиялық станциясы базасында Агротехнопаркті бірлесіп құрудың мақсаты - бұл ғылыми зерттеулер саласында және ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандарды даярлау мен халықаралық озық тәжірибені ілгерілету, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды әзірлеу және іске асыру, білім беру сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу мақсатында академиялық ұтқырлықты дамыту. Бүгінде жоғарыда аталғанның бәрі «Агротехнологиялық» факультетте жүзеге асырылуда.

19.07.2019