Бірінші курс студенттеріне арналған акт дәрісі

4 қыркүйек күні ректор Серік Өмірбаев бірінші курс студенттеріне арналған акт дәрісін өткізді. Университет басшысы жаңадан келген студенттерді қазақстандық жоғары білімнің басымдықтарымен, Болон процесінің қағидаларымен, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ академиялық саясатымен таныстырды.

Оларға жатады:

-оқу ақысына жеңілдіктер;

-бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай сыйлықтармен марапаттау;

-гранттармен марапаттау: ректор, Манаш Қозыбаев гранттарымен қоса, әртүрлі  педагогикалық олимпиадаға қатысқаны үшін марапаттар;

-Тұңғыш Президент қорының стипендияларын тағайындау туралы ұсыныстар;

Сонымен қатар, Серік Өмірбаев өз сөзінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау туралы егжей-тегжейлі айтты. Еске сала кетсек, 2018 жылдың 7 қарашада М. Қозыбаев атындағы СҚМУ  академиялық адалдық лигасына, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ерікті ассоциациясына қосылып, жоғары білім сапасын жақсарту жөніндегі міндеттемелерді ұстанады. Оған мүше болу студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға қосымша жауапкершілік жүктейді.

«Университет адалдық пен корпоративті мәдениет институтын құрайды. Біз сыбайлас жемқорлықпен күресу және студенттерге сыбайлас жемқорлыққа деген шыдамдылықты қалыптастыру бойынша белсенді шаралар қолдануда. Өзгерістер кабинеті құрылды, оның көмегімен біздің университеттің академиялық, ғылыми және білім беру қызметі қайта құрылады»,- деді ректор.

Сонымен қатар, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттеріне ішкі тәртіп ережелері мен жатақханада тұру ережелері, ар-намыс кодексі туралы айтты.

04.09.2019