«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» жобасы аясында басылымдардың тұсаукесері

2019 жылдың 5 қыркүйегінде университетте алынған кітаптардың ашық көрмесі өтті. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» Барлығы философия, мәдениеттану, психология, заңтану, маркетинг, менеджмент, экономика және басқалары бойынша 30 жарияланым ұсынылды. Күні бойы  жүріп барлық студенттер кітапхананың оқу залында жаңа түскен оқулықтармен егжей-тегжейлі қарап, таныса алды.

Айта кетейік, бұған дейін университетке алғаш рет әлемдік авторлардың еңбектерінің 17 атауы бар кітап топтамасы мемлекеттік тілге аударылып келіп түскен болатын. Бүгінгі таңда оқытушылар мен студенттердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған 3400 данасы бар.

05.09.2019