Сөздәйектер галереясы
Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.
А.С.Макаренко
Университет командалары арасында шағын футболдан жарыс өтті
2019 жылдың 24-26 қыркүйек аралығында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенттері мен магистранттары арасында шағын футболдан ректор кубогына турнир өтті. Жарысқа 50 адам қатысты. Турнир салауатты өмір салтын және осы спорт түрін жастар арасында насихаттау, сонымен қатар университеттің командасын құратын ең мықты футболшыларды анықтау мақсатында «Сұңқар» спорт клубы ұйымдастырды.
Динамикалық матчтарда бірінші орынды- педагогика факультеті, екінші орынды- тарих, экономика және құқық факультеті, үшінші орынды- математика және жаратылыстану факультеті иеленді.
30.09.2019
