География – бұл жер мен адамның ғылымы, адам өмірі өтетін арена. 2 қазанда университетіміздің қабырғасында аймақтық географияны зерттеу әдістемесі, картография мәселелері және атластар жасау бойынша халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Оған Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің ұстаздары, магистранттар, университетіміздің студенттері мен оқытушылары, Нұр-Сұлтан мен Молдовадан келген әріптестер жиналды.
Экологиялық және географиялық білім берудің халықаралық тәжірибесі бүкіл әлем үшін сөзсіз маңызды, дейді қазір біздің университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс беріп жүрген Кишинев қаласынан келген профессор Дорин Лозовану.
Аталған іс-шарада мамандарға аумақтық географияның проблемаларын бағалауға жаңаша көмектесуі керек аймағымыздағы картографияның болашағы талқыланды.