Университетте ұстаздар күні мен қарттар күні аталып өтілді

4 қазан күні Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Мұғалімдер күні және Қарттар күні аталып өтілді. Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте дүниежүзілік  ұстаздар күні аталып өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Университетіміздің барша  профессорлық-оқытушылар құрамын студенттер мерекелік концертік бағдарламалар мен және де гүл шоқтармен құттықтады.

М.Қозыбаев  атындағы СҚМУ – нің 500-ге жуық ардагер ұстаздары  қазіргі таңда лайықты демалыста. Біздің университет оларға әрқашан құрметпен қарайды. Мерекені ұйымдастырушылар  ректор Серік Өмірбаевтың атынан құттықтау сөздерін оқыды. Жиналған барша мұғалімдерге  сарқылмас қуат, денсаулық  жұмыстарында жеміс тіледі.

Бірнеше жыл бойы университетте тәлімгерлік мектебі жұмыс істейді. Бұл күні әр факультеттің тәлімгерлері алғыс хаттармен марапатталды, ал жас әріптестер оларға гүл шоқтарын табыстады. Осылайша, ұрпақтар сабақтастығы университетте жүзеге асырылады, онда тәжірибелі оқытушылар мен профессорлар барлық білімдері мен даналықтарын қазір қиын, жауапты педагогикалық жолға түскен студенттерге бере алады.

Іс-шара соңында  «ұстаздар қауымына» мерекелік торт ұсынылды.

07.10.2019