М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Жастар» театрының актеры Мейірғат Амангельдин келді

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне сахна актері Мейірғат Амангельдин келді. Елордалық «Жастар» театры күзгі гастрольдік сапарларының бағытын біздің өңірімізден бастады. Олар қазанның 3-і мен 6-ы күндері  Н. Погодин атындағы орыс драма театрында өздерінің үздік 5 қойылымын  көпшілік назарына ұсынды. Көркем туындыны сомдаушылар ішінде Даурен Сергазин, Мейірғат Амангельдин, Назерке Серікболқызы да бар. «Чипполино», «Асауға тұсау», «Лифт», «Жібек» атты туындыларды Қызылжар сахнасына гастрольдік сапармен алып келулері және көрермен назарына ұсынулары тектен емес. Сахна төрінде бес жылдан астам уақытын арнаған  Мейірғат Амангельдин өңіріміздің жылы шыраймен қарсы алғандары үшін алғысын білдірді.  

Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар құрамы қонақтар да өз сауалдарына жауап ала отырып, белгілі актермен сұхбаттасқандарына мәз-мейрам болды.

08.10.2019