М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға танымал тележүргізуші Санди Сұлтан келді

8 қазанда танымал тележүргізуші Санди Сұлтан мастер-класстарды өткізді. Көрермендерімен «Новости», «7NEWS» и «Выход есть» сияқты бірқатар бағдарламалар арқылы таныса бастады. Ал оның ең алғашқы еңбек жолы 2002 жылы «КТК» телеарнасында, және «РЕТРО-ФМ» радиосында бастаған танымал журналистің біздің студенттерге берері әрине мол. Аз уақыт ішінде аудиторияға жиналған болашақ әріптестеріне өз тәжірибесімен бөлісіп, әрбір студенттің қойған сұрақтарына жауап берді.

2014 жылдан бастап Санди Сұлтан Нұр-сұлтандағы SS LAB телезертханасын басқарады, онда шешендік, тыныс, дауыс, дикция, бет-фитнес, орфоэпиялық сабақтар, сөйлеу техникасы және мәдениеті туралы сабақ өткізеді. Ол студенттерімізге осының барлығын қысқаша айтып берді, өзінің теледидарлық тәжірибесімен бөлісті, кадрда жұмыс істеу туралы әңгімеледі және көпшілік алдында сәтті сөйлеудің құпияларын ашты.

Кездесу соңында студентер мен университет қызметкерлері Санди Сұлтанмен естелікке фотоға түсіп, мәз-мейрам болды.

09.10.2019