"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Қандай ғылым болса да, ол-адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды.

Әл-Фараби

Университетте «Интернационалдандырудың қазақстандық жоғары оқу орындарының дамуына әсері» атты дөңгелек үстел өтті

15 қазанда Әлемдегі ғылым эволюциясы конференциясы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де ғылымның түрлі бағыты бойынша атқарылып  жатқан жобалардың жүзеге асуына септігін тигізіп жүрген ғалымдарға ректор Серік Өмірбаев құрметті профессоры деген төлқұжаттарымен мен Манаш Қозыбаев  алтын медалы табыс етілді.  

Атап айта кетсек: СҚМУ-нің құрметті профессоры төлқұжаттарымен Диана Спулбер Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, Ахмед-Заки Дархан UIB президенті, Мұхтар  Төлеген, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, Кармело Дацци - Италия қаласындағы Палеорма университетінің профессоры, Гуидо Аморетти - Генуи университетінің профессоры, Стефано Мустика - Италия қаласындағы Линк университетінің профессоры,  (ҚХР) Солтүстік – батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы профессорлары Шан Вэйсин және Хан Кингфан,  сонымен қатар М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің интернационализация жөніндегі проректоры Алессандро Фигус марапатталды.

Дөңгелек үстелге 9 елдің және 8 қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары және университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.   

16.10.2019