«Сұнқар» спорттық клубы тоғыз құмалақ ойынынан студенттер мен магистранттар арасында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректор кубогына арналған жарыс өтті. Жарыстың негізгі міндеттері жастар арасында осы ұлттық спорт түрін насихаттау және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау болды. Құрама командада әр факультеттен 2 қыз және 2 жас жігіттер болды.
Нәтижесінде 3 орынды - ТЖЭҚФ, 2орынды- АФ, және 1 орынды- МЖЖҒФ иеленді.
Турнир «Рухани Жаңғыру» республикалық бағдарламасын іске асыруға арналған студенттік спартакиада аясында өтті.