«Менің туым, менің Отаным» республикалық акциясы

2019 жылдың 13 қазанында Алматы қаласында «Менің туым, менің Отаным» атты республикалық акция басталды. 31.10.2019ж.  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да шет қалмай республикалық акция эстафетасын қабылдады. Агротехнологиялық факультеттің студенттері мен ПОҚ өздерінің қатысуымен акцияны белсенді қолдады. Баязитова К.Н., а.ш.ғ.к., «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» жобасының жеңімпазы өзінің эмоциялық сөзінде мемлекеттік туға деген ерекше көзқарасын білдірді. «Агрономия» мамандығының студенті Оразмаханов Шыңғыс өзі шығарған мемлекеттік ту туралы өлеңдерін оқыды. Ал «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының студенті Ахын Нурдаулет патриоттық әндер орындады.

31.10.2019