М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Менің туым- менің Отаным» республикалық акциясына қатысты

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір қазақстандықтың міндеті. Өйткені, бұл егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Оларға құрметпен қарау арқылы нағыз патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік басталады.  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері мен оқытушылары республикалық «Менің туым - менің Отаным» акциясына қатысты.

Акцияның  мақсаты- Мемлекеттік туды кеңінен насихаттау және қазақстандық жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру, туды қолдануға және орнатуға тыйым салу стереотипін жою.

31 қазанда университет қабырғасында «Nur Otan» партиясының «Болашақ» филиалымен бірлескен шара ұйымдастырылды. Оған университеттегі студенттерден басқа, басшылық пен оқытушылар, «Jas Otan» ЖҚ өкілдері, спортшылар мен жиналған жұртшылық қатысты. Бет бояуларының көмегімен өздерінің беттерінде жалауды бейнелеп, мемлекеттік рәміздерге арналған патриоттық әндер орындады, студенттер келген қонақтарды қолдарындағы жалаушалармен қарсы алды. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Нұрлан Байымбетов жас ұрпақты тәрбиелеудегі іргелі бағыттардың бірі- мемлекеттіліктің атрибуттарын оқу және құрметтеу маңызды екенін жеткізді. Қазақстан Республикасы полиатлон чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, университетіміздің студенті Данила Викторенко подиумға көтерілген сайын, Әнұранды тыңдап, туған елінің Туын көрген сайын басынан өткеретін сезімдерімен бөлісті. Бұл, әсіресе, халықаралық жарыстарда үлкен  құрметке ие.

Акция 13 қазанда Алматы қаласында Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімінде басталды. Ол 2020 жылдың 4 маусымында- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аяқталады.

31.10.2019