Инновациялық стартап жобалар - болу! М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Astana Hub ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Солтүстік Қазақстан облысының цифрландыру күндері аясында Оқушылар сарайында CҚО әкімі Құмар Ақсақалов пен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Абылайхан Оспановтың қатысуымен І-vent форумы өтті. Инновациялық экожүйе мен индустриалды-инновациялық жобаларды дамыту мақсатында біздің университет пен «IT-стартаптардың халықаралық технологиялық паркі «Astana Hub» Корпоративтік қоры» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат стартап жобаларды іске асыру және ілгерілету, бірлескен оқу іс-шараларын өткізу, тәжірибе, білім және басқалармен өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтиды.

Сонымен қатар форумда стартаптар – ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды жас ғалымдар, бизнес өкілдері және IT қауымдастығы ұсынды. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің оқытушылары мен қызметкерлері өздерінің тәжірибелерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Инженерлік және цифрлық технологиялар факультетінің ассистенті Жанат Омаров өзі құрған 3D CONTROL.KZ компаниясы туралы, Солтүстік Қазақстан облысында 3D технологияларын енгізумен айналысады. Олар сканерленген нысандарды интерактивті 3D форматына аудара алады, ал модельденген нысандарды 3D принтерге басып шығаруға және фотосуреттерден прототиптер жасауға болады. Мұның бәрі тек біздің облыс үшін ғана емес, жалпы республика үшін де прогрессивті бағыт.

Сонымен қатар, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Робототехникалық интеллектуалды жүйелер және аспап жасау» кафедрасының  студенттері болған «IT Территория»  IT-Day жеңімпаздарын марапаттады. 

Сурет Талгат Таныбаевтың

01.11.2019