11 қарашада М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де «Cерпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен бірге жұмыс берушілердің кездесуі өтті. Бүгінгі күні университет жұмыс берушілермен 109 келісімшартқа отырған. Бітіруші түлектер мамандықтары бойынша жұмыспен ғана емес, тұрғын үйлермен де қамтамасыз етіледі.
Университет өңіріміздегі жұмыс беру орталықтармен барлық салаларда серіктестік жүргізеді. Әртүрлі ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, болашақ маман иелерімен тілдесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.
2014-2015 жылдан бері «Cерпін» бағдарламасы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының жастарына бағытталған. 2018 жылы 127 студент педагогика мамандықтары бойынша оқуларын тәмамдап, 80 % жұмыспен қамтамасыз етілді, 90% магистратураға түсті.