«Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы

«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының студенттері мен оқытушылары және  «Ашық жүрек»   еріктілер тобы мен бірлесіп 29 қазан 2019жылы жыл сайын өткізілетін «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы М.Қозыбаев атындағы  СҚМУ-інің  № 5 оқу корпусының холында өтті.

Қайырымдылық акция аясында өлең, әндер мен ойындар және билер ұйымдастырылып, қолдан жасалынған бұйымдар көрсетіліп, студенттердің жасаған  тамақтар ұсынылды.

Бұл жәрмеңкеден жиналған 58727 теңге ақшаны есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Облыстық арнайы (түзету) мектебіндегі мектеп жасына дейінгі топтарға ұсыну бағытталды (Петропавл қаласы).   

 

13.11.2019