6-11 қараша аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында гір спортынан Х Әлем Чемпионаты өтті. Жарысқа 38 мемлекеттен 540 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының командасы Ресей мен Украинаға жол беріп, 3 орынға ие болды. Біздің студенттер де еліміздің құрама қоржынына марапаттар әкелді. Әйелдер арасында ұзақ циклда 2 орынды Елена Костенко, ал ерлер арасында Василий Слепых иеленді. Бағдарламаның осы түрінде спортшылар алдымен салмағы 32 кг гір тасын кеудеге тастайды, содан кейін оларды жоғары көтеріп шығады. Содан кейін төске қайта түсіреді және тұғырға тимей төмен түсіреді. Әйелдер 24 кг гiрді пайдаланады.
Біздің балалар "Дене шынықтыру және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасының аға оқытушысы, Жоғары санатты жаттықтырушы Андрей Глывяктің басшылығымен айналысады.