Университеттің оқытушысы Наталья Шевелева – "Педагогикалық идеялар панорамасы" Республикалық байқауының жеңімпазы

«Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру ұлттық орталығы өткізген «Педагогикалық идеялар панорама» атты республикалық видео сабақтар мен бейне дәрістер конкурсының нәтижелері бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ТЖӘИ аға оқытушысы Наталья Шевелева жеңімпаз атанды.

Барлығы «ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы» аталымына еліміздің әр түрлі жоғары оқу орындарының 33 өкілі қатысты. Наталья Шевелева өзінің видео сабағын "Халықтану"  шеңбері аясында шетелдік студенттермен сабақ барысында жиі қолданылатын «визуализация» педагогикалық әдісіне арнады. Дәріс ағылшын тілінде жүргізіліп, қазақ халқының мәдениетіне арналды. Тақырыпты түсіндірумен қатар, ол балаларға мейірімді университет отбасында бейімделуге көмектесуге тырысты. Енді Наталья Шевелеваның бейнематериалдары «Өрлеу» ұстаздардың үздіксіз білім беру ұлттық порталындағы видео сабақтар мен видео дәрістер банкіне енгізілген.  

29.11.2019