Foundation факультетінде кездесу өтті

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Foundation факультетінің шет елден келген қазақ тыңдаушылары үшін СҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының арнайы тапсырмалары бойынша аға инспекторы Самат Базылов, СҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Жанат Сағынтай және аға инспекторы Сабит Жусупов, университетіміздің студенттерді тіркеу және қызмет көрсету орталығының паспортшысы Бакыт Акжолова, ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная кездесу өткізді.

2019-2020 оқу жылында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Foundation факультетіне дайындық бөліміне 47 тыңдаушы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға түсті. Қазіргі таңда, олардың ішінде Моңғолия мемлекетінен -22, ҚХР-27, Өзбекстан республикасынан-5, барлығы 54 диаспора өкілі білім алуда. Қонақтарға 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай тыңдаушылардың өнерлерінен де паш етілді.

Іс-шараның барысында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріліп, көші-қон заңнамаларына түсінік берілді.

29.11.2019