"Nur Otan" партиясының бүкіл Қазақстан бойынша филиалдарында "Ашық есік күнін"өткізді.

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 29 қарашада сағат 10-00-ден бастап "Nur Otan" партиясының бүкіл Қазақстан бойынша филиалдарында "Ашық есік күнін"өткізді. Күннің басты тақырыбы - "зейнетақыны жоспарлау". Бұл іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына "Менеджмент"мамандығы бойынша оқитын бірінші курс студенттері шақырылды. Студенттер сабақта тек қана қаржы және менеджмент саласында теориялық негіздерді меңгереді, жұмыс пен өмірлік тәжірибесі жоқ, оларға зейнетақы туралы ерте ойлауға болады. Шын мәнінде, егер зейнетақы капиталы қалыптасатын ережелер туралы білсеңіз, еңбек ете алатын жастағы қалыпты, тұрақты болашақты қамтамасыз етуге болады. Қордың мамандары өзінің зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы және ерікті зейнетақы жарналарының болашақ зейнетақыға әсері туралы айтты. Барлық тілек білдірушілердің тек басты күн тәртібі бойынша ғана емес, сонымен қатар зейнетақы жүйесі мен жеке салымдарға қатысты өзге де тақырыптар бойынша да жауап алу мүмкіндігі болды.

06.12.2019