2019 жылдың 9 желтоқсанында, халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аясында, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы және «Саналы ұрпақ» жобалау кеңсесі университеттің белсенді студенттерімен пікірталас өткізді.
Студенттерге ұжымдық пікір қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берілді.
Студенттердің айтуы бойынша, сыбайлас жемқорлық - бұл қылмыс, заңсыз әрекет, қоғамдық зұлымдық. Олардың пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың себептері осы процеске қатысушылардың барынша тез және оңай заңсыз жолмен қажетті нәтижелерді алу болып табылады. Әлемдік тәжірибеде белгілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерінің арасында: өлім жазасы, түрмеге қамау, мүлікті тәркілеу, айыппұлдар, басшы лауазымдардан босату, БАҚ-та кеңінен жария ету деп аталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді шаралар қатарында екі шара аталды: ПАРА БЕРМЕУ ЖӘНЕ ПАРА АЛМАУ, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық базаны жетілдіру, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, БАҚ-та сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын кеңінен жариялау, халық арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу.
«Саналы ұрпақ» жобалау кеңсесінің комплаенс офицері Богдан Петров 2019-2020 оқу жылының басында ЖОО-да ашылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жаңа құрылым қызметінің бағыттары туралы ақпарат берді: