Білім ордамыздың 5-ші ғимаратында Лео Лабарас «Микстура» премьерасын ұсынды. Сценарий бойынша басты кейіпкерлер кеме апатына ұшырап, аралға қонады. Әр түрлі тілдерде сөйлесе отырып, олар бір-бірін түсінбейді. Бірақ апаттан аман-есен өткен соң, олар тіл табысады. Қойылым кез-келген жағдайда адам болып қалуға, бір-біріне көмектесуге және қиындықтарға қарамастан өмірден ләззат алуға шақырады.
Ұлттық студенттік театрының актерлік құрамы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерін жинап оларға ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Премьераға қатыса алмаған көрермендер үшін Жаңа академиялық семестрде «Микстура» қойылымын көруге болады.