Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияның жетекші университеттерінде білім алуға конкурс жариялайды.

Қатысу үшін 2020 жылдың 17 ақпанына дейін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі.
2) білім туралы құжаттар: жоғары оқу орнының мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт.
3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
- шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат (бар болса));
- шетелдік университеттің студентті шет тілі деңгейімен қабылдауға келісімі туралы хат;
- қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес).
4) Қазақстан Республикасынан шыққан кезде 18 жасқа толмаған жағдайда, үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі.
5) студенттің көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат.
6) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге жататын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін).
7) студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Конкурсқа төлем түріне қарамастан студенттер (бакалаврлар) қатыса алады.

Құжаттар №2 оқу корпусының академиялық ұтқырлық және интернационалдандыру орталығында, 211 кабинетте қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін Сіз сондай-ақ 36-94-24 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

30.01.2020