Сөздәйектер галереясы
Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.
Университеттегі татар мәдениеті күндері
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да ҚХА кафедрасы, «Дуслык» татар-башқұрт мәдени орталығы және №17 ұлттық жаңғыру орта мектебінің өкілдерімен бірге «Татар халық өнері» атты ашық сахна өткізді.
Өнерпаздар көңілді әндер, жаппай би қойылымдары мен жарқын ұлттық киімдер ұсынды. Мұның бәрі университет студенттері мен оқытушыларын татар этникалық тобының мәдениетімен, салт-дәстүрімен жақындастырды. «Татар халық ойындары» спорттық-ойын-сауық бағдарламасына ең белсенді көрермендер қатысып, ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Сондай-ақ, татар мәдениеті күндері аясында университет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірнеше дәрістер мен факультативті сабақтар өткізді.
