Кафедра бөлімшесінің ашылуы

Ең алдымен, сіздермен жағымды жаңалықпен бөліскіміз келеді. Бүгін СҚМУ Агротехнологиялық факультеті «Аgrolab» ЖШС базасында «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының кезекті кафедра бөлімшесін ашты. «АgroLab» ұйымы - бұл заманауи инновациялық топырақ зертханасы. Бұдан былай факультеттің өзара тиімді ынтымақтастығы және «АgroLab» арқасында студенттер мен магистранттар қазіргі заманғы агрохимиялық жабдықтарда білім алуға бірегей мүмкіндік алды. Бұл жерде олар өндірістік тәжірибе бойынша зертханалық сабақтар өтеді. Жаңа автоматтандырылған жабдықтар дипломдық жұмыстарды орындауға және магистрлік диссертацияларды дайындауға мүмкіндік береді. Келесі айдан бастап студенттер осы зертханада айналыса бастайды. Ал біздің магистранттар қазір ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Егер бұрын шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту қажет болса, қазір  өзіміздің қаламызда Қазақстанда теңдесі жоқ зертхана бар! Сондай-ақ, Агротехнологиялық факультеттің оқытушылары бейінді  кәсіпорындарға барған кезде біздің түлектеріміздің қарсы алып, олардан алғыс сөздерін есту әрдайым жақсы екенін атап өткіміз келеді. Міне, бүгін де біз Шупанов Эльдар, Ешманов Асқар, ХасеноваАйгерім  және Рябкова Ксения сияқты түлектер осы ұйымға күрделі конкурстық іріктеуден өте алды және қазір «Агролаб» топырақ зертханасында өз міндеттерін лайықты және кәсіби түрде атқарып жүр.

Егер алдағы жоспарлар туралы айтатын болсақ, онда М. Қозыбаев атындағы  СҚМУ Агротехнологиялық факультеті «АgroLab» басшылығымен қатар бірқатар қызықты және маңызды іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Біз сіздермен олар туралы міндетті түрде бөлісеміз және біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижелері туралы толығырақ баяндайтын боламыз.

21.02.2020