Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
Цицерон
Біздің ойыншылар халықаралық турнирде үздік үштікке кірді
Күш атасын танымас. Осы ұранды ұстанған М. Қозыбаев атындағы СҚМУ командасы колледж директоры Бегалин Сүйіндік Қазақанұлын еске алуға арналған футзал бойынша Халықаралық турнирде 3-ші орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ, университетіміздің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының белсенді студенті Әділ Иманов «Үздік шабуылшы» аталымында жеңімпаз атанды. Спортшыларды шын жүректен құттықтап, алда көптеген жеңістер тілейміз!
23.02.2020
