М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да студенттік ректор сайланды

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттік ректоратының кеңейтілген отырысы өтті. Оған тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, жетекшілік ететін Департамент қызметкерлері, факультеттердің студенттік декандары, Жастар ісі жөніндегі комитет және білім алушылар кәсіподағының өкілдері қатысты.

Жиналғандар бірінші мәселемен оқу жылының бірінші семестріндегі ұйымның қызметі туралы студректордың м.а. Әнел Ахметованың есебін тыңдады. Жалпы университеттік ауқымдағы және факультеттердегі танымдық және мәдени-көпшілік сипаттағы 15 іс-шара өткізілді. Студенттік ректораттың белсенділері жоғары оқу орнын басқарудың алқалық органдарының құрамына кіреді және комиссия жұмысына қатысады.

Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе – «Студенттік ректорды сайлау туралы». Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің жетекшілігімен 5 үміткер өздерінің студенттік өзін-өзі басқару бағдарламасын дайындап, оқыту семинарларын өткізді. Екі айлық еңбектің жемісін кандидаттар кеңейтілген отырыс қатысушыларының назарына ұсынды. Әрбір баяндама залдан қойылған сұрақтармен сүйемелденді. Барлық баяндамаларды тыңдап, жиналғандар дауыс беру рәсіміне кірісті. Арнайы дайындалған бюллетеньдерде олар өзінің фаворит тегінің жанында белгі қою керек еді.

Ең көптен күткен сәт келді. «Математика-физика» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Әсем Мұрат жеңіске жетті. Отырыс соңында қатысушылар осы маңызды оқиғамен құттықтап, студенттік ректордың жауапты қызметінде сәттілік тіледі.

05.03.2020