"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

Сәбит Мұқанов

Біздің студенттер Алматыдағы республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында «Шет тілдері» мамандықтары бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті. Мұнда 155 адам тілдік білімдерін сынауға жиналды. Біздің университет студенттері осы зияткерлік турнирде өздерін жақсы көрсетті. Сергей Макаров аударма ісі бойынша 2-орынға ие болды, ал Мадина Мендыбаева  «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасында үшінші орынды иеленді.

Олимпиаданың барлық қатысушылары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Біздің студенттерімізді және олардың оқытушыларын құттықтаймыз!

 

06.03.2020