Оқу жылының басынан бастап білім ордамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы университет студенттері мен оқытушыларын елімізде тұратын этностардың мәдениетімен таныстыруда. Яғни, әр халықтың мәдениетімен таныстырып,дәріптейді. Осы аптадан бастап украиндықтардың салт-дәстүріне, шығармашылығына және ұлттық тағамдарына арналған шаралар басталды.
Университетіміздің екінші ғимараттың фойесінде бұл мереке қызықты өтті. Сонымен қоса М.Жұмабаев ауданының өкілдері қонақтарды ұлттық киімдерімен күтіп алды: түрлі-түсті кесте киген ер адамдар, бастарында дәстүрлі гүл шоқтары бар қыздар. Көрмеге ағаштан және саздан жасалған ыдыс-аяқтар, ұлттық суреттер, көне иірілген дөңгелектер, өрілген сүлгілер, жастықтар және басқа да тұрмыстық заттар ұсынылды. Жиылған көрермендер украин халқының дәстүрлер туралы әңгімелесіп,мерекеге бірге ат салысты . А.Кокориннің шығармашылық ұжымымен бірге студенттер би билеп, танымал украин әндерін орындады. Ойын-сауық бағдарламасынан басқа, келушілерді жағымды тосынсый күтіп тұрды - үстелдерде хош иісті украин тағамдары болды.