"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Педагог - жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.

А.В.Луначарский

МЖҒФ құттықтайды !!!

МЖҒФ Құттықтайды!!!

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет базасында өткен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсының ІІ кезеңінің қорытындысы белгілі болды. Атап өту қажет, байқау қашықтан онлайн-режимде ұйымдастырылды.

Осы байқауға 13 ЖОО ат салысты. Оның ішінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері де қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Университетіміздің «География» мамандығының студенті Юлия Свистунова жыл сайынғы республикалық СҒЗЖ байқауында жүлделі II орынға ие болды. Оқу ордамыздың білім алушысы «География» бағыты бойынша сынасқан.

Маңызы зор бәсекеде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ намысын қорғаған Юлия Свистунованы құттықтаймыз! Сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз! Білім бәсекесіндегі беделіміз биік болсын!

  

06.05.2020