М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың қашықтықтан оқыту үрдісінің негізгі қорытындылары тақырыбы аясында брифинг өтті

«Университет ұжымы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы көптеген жұмыстар атқарылды», -деді ректордың м.а. Ербол Исақаев "Qyzyljar"  телеарнасындағы брифинг алаңында.

Коронавирус инфекциясы COVID-19 таралуын болдырмау және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да оқу процесі қашықтан ұйымдастырылды.

Университет ұжымы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыруда үлкен жұмыс атқаруда, академиялық саясатқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, «қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру ережелері», студенттер мен оқытушылар үшін нұсқаулықтар жасалды; студенттерге және оқытушыларға ақпараттық қолдау университеттің сайтында «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» парағы, байланыс орталығының жұмысы және студенттермен онлайн-кездесулер арқылы ұйымдастырылды; 478 оқытушы мен 206 қызметкер қашықтықтан жұмысқа ауыстырылды.

Университет сапалы білім беру қызметтерін көрсету бойынша келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында оқытушылардың сабақ сессиялары мен студенттердің сабаққа қатысуын күнделікті бақылайды. Оқу сабағына қатысқан студенттердің үлесі 83% қалдырды, 340127 бағалар қойылды. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да дәрістер, практикалық сабақтар, ZOOM бейнеконференциялары BigBlueButton платформасы және университеттің  СУДО «E-learning NKZU», платформалары арқылы өткізіледі. Онлайн режимде ғылыми тәрбие және кәсіптік бағдар бойынша іс-шаралар ауыстырылды. ТЖ режимінде барлығы 48 ғылыми, 19 тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

645 студент оқуға жеңілдік алды. Төтенше жағдай және карантин жағдайында 218 студентке төлем мерзімі кейінге қалдырылды. Бітірушілерге ағымдағы жылдың 1 шілдесіне, 1-3 курс студенттеріне- 23 тамызға дейін кейінге қалдырылды.

17 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін call-орталығы 1040 өтініш қабылдады, және орталыққа түскен барлық сұрақтар өңдеуден өткізілді. 16 наурызда академиялық ұтқырлық  бағдарламасы аясында 16 студент шетелдік жоғары оқу орындарында білім алды, олардың 10-ы қайтып оралып, оқуларын жалғастырды. Бүгінгі күні 6 студент шетелдік университеттерде оқуларын  жалғастырып келеді.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жатақханасында қазіргі кезде 220 студент тұрып жатыр. Олардың барлығы байланыс құралдарымен (компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер) және интернетке қосылған. Жатақханаларда тұратын 50 студентке азық-түлік және қажетті тауарлармен қамтамасыз етіліп, әлеуметтік қолдау көрсетілді.

11 мамырдан бастап студенттер мен магистранттар және доктаронттардың көпшілігінде жазғы емтихан сессиясы басталды, 30 мамырға дейін жалғасады. 4 курс студенттері дипломдық жұмыстарын, магистранттар диссертацияларды рәсімдеу жұмыстарын аяқтау шенінде, және кешенді емтихан пәндері бойынша шолу дәрістеріне қатысты.   Барлығы 7182 білім алушы емттихан кешендерін тапсырады. Осы кезеңде 2764 емтихан жоспарланған, олардың 85-і компьютерлік тестілеу түрінде, 90-ы шығармашылық емтихан, 2589-ы жазбаша түрде, есептер түрінде  өтетінін академиялық сауалдар жөніндегі проректордың м.а. Жанар Таласпаева өз сөзінде айта кетті.  Емтихандар екі режимде өтеді: онлайн (MOODLE, ZOOM, BigBlueButton, Google Classroom платформаларында және т.б.) және оффлайн (СУДО E-learning NKZU, COURT платформасында, электронды поштада, телеграмм форматында студенттердің тапсыру мүмкіндіктері қарастырылған.

14.05.2020